1 қыркүйек Білім күні!!!
МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІМ 1 қыркүйек Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну, білімге деген құштарлығын арттыру еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында N75 мектеп-гимназиясында "Мектебім- мейірім мекені" атты салтанатты іс-шара аталып өтілді. Мектеп директоры Ақтолқын Ділдәбекқызы Оразбаева мектеп ұжымын, ата- аналарды, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілек білдірді.