01
февраль
2022
Оразбаева Актолкын Дилдабековна
«№75 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Оразбаева Актолкын Дилдабековнаның
Өмірбаяны
Оразбаева Актолкын Дилдабековна – 28.12.2018 жылдан бастап Шымкент қаласы білім бөлімінің «№75 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқаруда.
1984 жылы 26 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қасқасу ауылы Б.Түлкиев атындағы орта мектепті үздік аттестатқа бітіріп, 2005 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін математика пәнінің оқытушысы мамандығын алып және 2014 жылы Шымкент университетін педагогика ғылымының магистрі мамандығы бойынша бітірді.
2016 жылы Ресей Федерациясы, Москва облысы, Ярославль қаласы, П.Г.Демидова атындағы мемлекеттік университетінде «Педагогика-психологические факторы развития ценностных ориентациий личности молодежи» атты кандидаттық диссертациясын қорғап, «психология ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін иеленді.
Квалификация бойынша жоғарылауы, сертификаттары:
- Программа академической мобильности в рамках Болонского процесса, продолжительность:72 академических часа, Сертификат, Шымкент,2018год
- «Алматы менеджмент университеті» білім беру мекемесі білімді дамыту институты «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру бағдарламасын бітіріп, Дипломмен куәландырылды, 2019 жыл;
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті-Елбасы еңбектерінде белгіленген әлеуметтік даму жолдаарын түсіну жөніндегі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсы, Шымкент қаласы, 2020 жыл;
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсы, Шымкент қаласы, 2021 жыл
Қызмет жолы: 2009-2012 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында математика пәнінің мұғалімі болып, 2012-2018 жылдар аралығында аталған мекемеде директордың үш тілде оқыту ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған, 2018 жылдан бері №75 мектеп-гимназиясында мектеп директоры қызметін атқаруда.
Меңгерген шет тілдері: орыс тілі – еркін, ағылшын тілі – Pre intermediate
Отбасы жағдайы: отбасылы, 1 қыз және 1 ұл тәрбиелеуде
А.Д.Оразбаеваның шығармашылық басылымдары:
- Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата психологических наук на тему «Психолог-педагогические факторы развития ценностных ориентаций личности молодежи», Ярославль, 2016 год;
- 2016 жылы «Білім беру мазмұнын жаңартудың маңызды шарты ретінде үш тілде білім берудің жол картасын жүзеге асыру» Халықаралық конференциясында «Математика пәнін ағылшын тілінде тиімді жүргізу мүмкіндіктері мен жолдары» атты мақаласы, Астана, 2016 жыл;
- «Зияткер» ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналына «Адамзат құндылықтарындағы психологияның орны» атты мақаласы, Астана,2016 жыл;
- Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Юнусов окулары: Рухани жаңғыру және индустрияландыру жағдайындағы білім мен ғылымның интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Математика пәнін оқытуда заманауи ақпараттық-телекоммуникациялық құралдары негізінде оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту әдістемесі, Шымкент, 2018 жыл;
- «Ұлт мектебі» республикалық әдістемелік ғылыми журналына «Ұжымымыздың басты ұраны - ашықтық» атты тақырыбындағы мақаласы, Шымкент, 2019 жыл
Жетістіктері:
- 2018 жылы TALIS-2018 кезеңін ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Алғыс хатымен;
- 2019 жылы «Алматы менеджмент университеті» білім беру мекемесі білімді дамыту институты «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша Дипломмен;
- 2020 жылы Шымкент қаласы «Дарын» орталығынан Алғыс хатымен;
- Шымкент қаласы білім басқармасы орталығының мадақтамасымен;
- 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің Алғыс хатымен;
- 2021 жылы Орталық Азия инновациялық университетінің ректорының Алғыс хатымен;
- 2021 жылы «Оқу үдерісінде саралап оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы бағалау» тақырыбы бойынша өткізілген онлайн-семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Шымкент қаласының Білім басқармасы әдістемелік орталығы Құрмет грамотасымен;
- 2021 жылы Ресей Республикасы Тамбов облысының білім басқармасы Алғыс хатымен марапатталды.