Мектеп тарихы
Мекеменің толық атауы: Шымкент қаласы білім басқармасының «№75 мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Индекс 160024, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, 112 орам, Қ.Қазиев көшесі, 26а.
Заңды тұлғаның байланыс деректері: 8(7252)-92-18-84
электронды почтасы: shymkent75@mail.ru, сайт: http://75.shymkent-mektebi.kz/
Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: Оразбаева Актолкын Дилдабековна,
Шымкент қаласы білім 28.12.2018 жылғы №1033ж/қ бұйрығымен конкурс қорытындысы нәтижесінде «Шымкент қаласы білім бөлімінің «№75 мектеп – гимназия» КММ-сіне директор лауазымына тағайындалған. Білімі жоғары, біліктілік санаты педагог-шебер. Педагогикалық еңбек өтілі 12 жыл, директор лауазымында еңбек өтілі 3 жыл.
Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары: Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы «Шымкент қаласы әділет департаменті Әл-Фараби аудандық әділет басқармасынан 2018 жылғы 11 қыркүйекте берілген.
Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 16.08.2001 жыл.
БСН - 010940003791
Кәсіпорынның қатысушысы: «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Кәсіпорынның уәкілетті органы – Шымкент қаласының білім басқармасы болып табылады.
Білім беру ұйымының жарғысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 03 тамыздағы №81 қаулысымен бекітілген. Алғашқы тіркелген күні 23.09.2001 жыл.
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон).
Білім беруге құқық беретін мемлекеттік лицензиясы Шымкент қаласы білім саласындағы бақылау департаментінің 30.04.2019 жылы №KZ50LAA00015985 лицензиясы Шымкент қаласы білім басқармасының «№75 мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген. Мемлекеттік лицензияға қосымша 001 – бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, -жалпы орта білім беру қызмет түрлерінің кіші түрлеріне берілген.
Алғашқы берілген күні: 07.11.2012 жыл.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің, Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы жіберілген хабарламаның кіріс номері: KZ73RVK00020028, күні 22.04.2019ж.
«№75 мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - қазақ тілінде оқытатын білім мекемесі. Мектеп Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жыл 16 тамыздағы №143 қаулысы негізінде, ол кезде «№75 орта мектеп» атауымен Мемлекеттік білім мекемесі болып құрылды.
Мектептің заңды мекен-жайы: Шымкент қаласы, 112 орам, Қ.Қазиев 26а көшесінде орналасқан. Мектеп ғимаратының жалпы ауданы 5271 ш/м, мектептің жер телімі 1,5733 га. Мектеп типтік, 645 орынға есептелген, 2 қабатты.
Мектеп директоры Оразбаева Актолкын Дилдабековна «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 28.12.2018 жылғы №1033ж/қ бұйрығымен конкурс қорытындысы нәтижесінде тағайындалған. Мектепке Облыстық білім департаментінің 15.02.2005 жылғы №132 бұйрығымен «Көп салалы мектеп-гимназия» статусы берілді.
Шымкент қаласы әкімдігінің 01.12.2009 жылғы №132 қаулысымен «№75 мектеп – гимназиясы» болып өзгертілді.
Шымкент қаласы әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №81 қаулысымен «№75 мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып бекітілді.
20 жыл ішінде мектеп «Орта мектеп» статусынан «Мектеп гимназиясы» статусына ие болды.
Мектептің құрылтайшылық құжаттар тізімдемесі:
- Шымкент қаласы Әділет департаменті Әл-Фараби ауданының Әділет басқармасымен 11.09.2018 жылы БСН 010940003791 Шымкент қаласының білім басқармасының «№75 мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға ретінде тіркелген куәлігі.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Әділет басқармасымен, Шымкент қаласы әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №81 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласының білім басқармасының «№75 мектеп–гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы №3112 – 1958 – 21 – м.м. куәлігімен тіркелген.
- Мектеп-гимназиясының Мемлекеттік лицензиясы ҚР Заңына сәйкес Білім беру саласындағы қызмет түрі шектеусіз мерзімге №1201577 07.11.2012 жылмен қайта тіркелген, №001 нөмерімен лицензия қосымшасында – Бастауыш білім беру; Негізгі білім беру; Жалпы орта білім; - беру қызмет түрінің құрамы көрсетілген.
- МАДТ № KZ73RVK000200 28 хабарламасы негізінде мектеп алды даярлық және тәрбие жұмыстарының басталуы туралы, «№75 мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіркелген.
- Медициналық қызметпен айналысуға рұқсат етілген Лицензия нөмірі 00113003РХ берілген күні 28.11.2011 жылғы лицензият «Ай-Нұры» медициналық орталығының өндірістік базасы негізінде ересектерге және балаларға - алғашқы медицналық көмек; - білікті көмек; - дәрігерге дейінгі көмек көрсетілуі тиіс.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№75 мектеп– гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бала күтіміне байланысты демалыстағы педагогтарды қоспағанда, 124 педагог кадрлармен қамтылған. Оның ішінде мектеп директоры – 1, орынбасарлары – 7, әлеуметтік педагог – 1, кітапхана меңгерушісі – 1, кітапханашы – 1, педагог-психолог – 2. Аттестаттаудан өту кезеңінде 124 педагог кадрлар құрамы 100% жоғары білімді мамандар. Педагог кадрлардың сандық және сапалық құрамын, біліктілік санаттары бойынша 5 жылдық мәліметін төмендегі кестеден көруге болады.