24
декабрь
2021
"Елдіктің жеті тұғыры"
№75 мектеп-гимназиясының ұжымы Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың "Елдіктің жеті тұғыры" қағидаттар жинағын талқылады. Жиында елдің тәуелсіздігін нығайту, еңбек пен білімді, отбасыны, салт-дәстүрді, рухани мәдениетті, қасиетті жерімізді, бірлік-пен келісімді, прагматизмнің қазақ қоғамына ыңғайлы үлгісін дəріптеген қағидаттар жинағының тұғырлары жан-жақты талқыланды. Әрбір бағыттың орындылығы, олардың қоғамның рухани өміріне қосар үлесі туралы құнды ойлар айтылды. Бұл үндеу "Рухани жаңғыру" - болашаққа бағдар" жəне "Мәңгілік ел" патриоттық актінің заңды жалғасы бола алатындығына баса назар аударылды.